Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауға өңірдің туристік әлеуетін зерттеу мақсатында ғалымдар келді

Атырау облысының туристік әлеуетін зерттеу және дамыту мақсатында өңірімізге Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары арнайы іссапармен келді. Олар алдымен Жайық өзенінің Каспий теңізіне құяр сағасына жақын орналасқан «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерватына барды.

«Былтыр БҚО-ның турист әлеуетін зерттеу бағдарламасы аясында арнайы грант ұтып алдық. Осы бойынша қазір жұмыс жасап жатырмыз. Бүгін Атырау өлкесінің туристік инфрақұрылымына баға беру, ақпарат көзін өңдеу мақсатында сапарға шықтық. Себебі, шетелдік туристерді есептемегенде, жергілікті халық көп біле бермейтін орындар бар. Осы кемшілікті жою үшін, БҚО-дағы туристік нысандарын анықтап, шолу жасалуда» дейді Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ “Тұрақты туризм даму” зертханасының кіші ғылыми маманы Азамат Бейсахмет.
Ғалымдардың айтуынша, бұл саяхаттың алға қойған міндеті - туристік демалыс тәртібін қалыптастыру. Яғни, табиғи нысандағы туристік орындардың өзінен кейін таза болуын қадағалау, демалыс мәдениетін насихаттау.
Сонымен қатар, ғалымдар бұған дейін Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарын аралаған. Атыраудағы «Ақ Жайық» резерватынан кейін облыстық туризм басқармасымен бірге, өңірдің тарихи және көрікті нысандарына барып, ғылыми-зерттеу базасын құруды жоспарлауда.
Айта кетелік, БҚО-ның туристік бағытын дамыту жобасының жалпы мерзімі 3 жылды құрайды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT