Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҚЫЗЫЛҚОҒАДА ЖАҢА ЕМХАНА

 

Ел Тәуелсіздігі мерекесінің 30 жылдығына орай Қарабау халқы қуанышқа кенелді. Өйткені, жаңадан салынған дәрігерлік амбулатория сейсенбі күні есігін айқара ашып, тұрғындарды қабылдай бастады.

Аудан орталығы Қарабау болған кезде 1953 жылы жаңа аурухана салынған болатын. Сол кездерде білікті дәрігерлер еңбек еткен ауруханада түрлі оталар жасалып, талай науқастар дертінен айықты. Тоқсаныншы жылдары жекешелендіру саясатына ілінген аурухана ғимараты бұзылып, Қарабау дәрігерлік амбулаториясы округ әкімдігіне орналасып халыққа қызмет көрсетті. Кейіннен округ әкімдігі ауылдағы бұрынғы қонақ үйді жөндеп, дәрігерлік амбулаторияны сонда орналастырды. Қанша жаңартқанмен ескінің аты ескі ғой, уақыт өте келе ғимарат апаттық жағдайда деп танылған амбулатория бұзылып, медицина қызметкерлері балабақшаның ескі ғимаратына қоныстанды. 2017 жылы жаңадан дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталғанымен мердігер мекеменіңжауапсыздығынан құрылыс жұмысы ұзаққа созылып, биыл бітті.

Амбулаторияда дәрігердің қабылдау, дәрігерге дейін қабылдау, акушерлік қарау, дені сау бала, химизиатор, күнделікті емдеу-сауықтыру, тіркеу, зертхана, екпе егубөлмелері бар. Онда бір дәрігер мен 9 орта буын медицина қызметкері халықтың саулығын жақсартуда еңбек етеді.

Жаңа ғимараттың ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімі Нұрсұлтан Бисембиев:

Мемлеке басшысының өткен жылы Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы «Денсаулық сақтау ісінің тиімді моделін құру арқылы үш жыл ішінде барлық ауылдық елді мекенді фельдшерлік-акушерлік пункттермен және дәрігерлік амбулаториялармен қамтамасыз ету қажет» деген тапсырмасына сәйкес бүгін Қарабау ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылғалы отыр. Жаңа ғимаратта амбулатория қызметкерлері алдағы уақытта ауыл тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсетеді деген сенімдеміз. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесі құтты болсын, - деді.

Салтанатты шарада құттықтау тілегін білдірген ауданның Құрметті азаматы Шапиғолла Қонысбаев Тәуелсіздік күні мерекесі аясында ашылған әлеуметтік нысанның маңызы орасан екендігін айта келіп, ауылда осындай игілікті істер көбейе берсін деген тілегін білдірді. Бұдан кейін жаңа ғимараттың лента қию рәсімі өтіп,  шараға қатысушылар кабинеттермен танысып, медицина ұжымына сәттілік тіледі.

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521