Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Омикрон» штамы несімен қауіпті?

Әлемді әбігерге салған коронавирус инфекциясы уақыт өткен сайын мутацияланып, жаңа штамдары шығуда.

Биылғы жылдың жазында «Дельта» штамы дүние жүзін дүрліктірсе, енді әлем ғалымдары «Омикрон» штамы жайлы дабыл қағуда. Алайда, жаңа штамның адам ағзасына әсері, таралу күші мен оған қарсы вакцинаның тиімділігі жайлы әзірге ақпарат аз. Десе де, коронавирустың жаңа нұсқасы бүгінге дейін әлемнің 38 елінде анықталған. Осыған орай, 26 қараша күні дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шұғыл жиын өткізіп, жаңа штамды омикрон (О) әрпімен белгіледі. Ұйым мутация санының көптігінен бұл нұсқаны «алаңдатарлық штамм» деп бағалады. Бір қуаныштысы – бұл штамм елімізде әзірге анықталған жоқ. Алайда, арқаны кеңге салып отыруға болмайды. Алдағы мерекелер мен демалыстар жаңа штаммның таралуын тездетуі мүмін дейді отандық эпидемиологтар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше «Омикрон» штамның техникалық атауы – B.1.1.529.

Алғашқы анықталған үлгілерді GISAID базасына жүктегенде ұқсас изолят Оңтүстік Африкадан келген Гонконгтегі науқастан табылған. Вирус геномында алпыстан астам мутация бар, оның 32-сі – S ақуызда. Басқа нұсқаларға қарағанда мутация көп болғандықтан адамдар «Омикронның» тез таралуынан қауіптеніп отыр. Осының әсерінен оның жұқпалылығы мен антиденелерге қарсыласу қабілеті жоғары болуы мүмкін және көбінесе 20-30 жас аралығындағы азаматтарға жұғады. Сондай-ақ, осы штаммен ауырып шыққан азаматтарға қайта жұғу қаупі бар. Зертханаға жіберілетін ПТР-тестілер инфекция тудыратын вирустың «Омикрон», «Дельта» және басқа да нұсқаларға ұқсастығын көрсетуі мүмкін. Сондықтан «Омикрон» екенін растау үшін бірнеше аптаға созылатын толық генетикалық анализ қажет. Вакциналау және иммунизациялау комитетінің мүшесі және профессор Адам Финн оңтүстік африкалық науқастардың белгілерін талдай отырып, дәм мен иіс сезу жоғалмайтынын, бірақ шаршау, жүрек қағысының жиілеуі байқалатынын атап өтті. Сондықтан жөтел, дене қызуы, дәм мен иіс сезбеу назар аударатын әдеттегі белгілер болып қала береді. Бұл жаңа штамм болғандықтан қолда бар вакциналардың қалай әсер ететіні жайлы зерттеу жоқ.

Еурокомиссия мәліметінше, коронавирустың жаңа нұсқасын зерттеу үшін ғалымдарға шамамен үш апта уақыт қажет. Алайда Moderna компаниясы жаңа штаммға қарсы қуатты вакцина әзірлеуді бастап кетті. Компания сарапшыларының пікірінше, «Омикрон» мутацияларының комбинациясы вакцинадан кейін қалыптасқан иммунитетті айтарлықтай тез әлсіретеді. Pfizer және BioNTech жаңа штамм «қауіпті» деп танылса коронавирус инфекциясына қарсы Comirnaty вацинасын 100 күн ішінде «Омикронға» бейімдейді. Ал, Sinovac компаниясы өз мамандарының «Омикрон» үлгілерін зерттеп жатқанын, қажет болса вакцина әзірлеуге дайын екенін мәлімдеді. Гамалеи атындағы орталық «Спутника V» және «Спутник Лайт» вакциналарын «Омикрон» штамына бейімдеп жатыр. Ал, отандық эпидемиологтар болса жаңа штамнан қорғану үшін бетперде киіп, екпе алу маңызды. Өйткені, қыс мезгілінде барлық вирустар қайта қозып, халық арасында вирус жұқтыру деңгейі артуы мүмкін.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521