Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғада дәрі-дәрмек қоры мол

Таяуда «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметкері Айсәуле Ардаққызы бастаған өкілдер аудандық ауруханада болып, коронавирустың екінші толқынына дайындық бойынша қоғамдық бақылау өткізді. Қоғамдық бақылау барысында, аудандық аурухана директорының орынбасары Мәдина Қанатқалиева дайындық барысымен таныстырды.

- Инфекциялық бөлімде екі науқас ем алып жатыр. Қазіргі уақытта, коронавирустың екінші толқынына сақадай-сай тұрмыз. Айталық, бір реттік және көп реттік киілетін киімдер мен бетперделер жеткілікті. Дәрі-дәрмек қоры да қоймада жинаулы тұр. Тыныс алу аппараттарынан барлығы 25 дана резервте тұрса, қалғандары ауылдық округтердің ауруханаларына бөлініп берілді. Сондай-ақ, 70 оттегі балоны оттегімен толтырылған. Барлық санитарлық талаптардың сақталуы, инфекциялық бөлімге кіріп-шыққандағы дәрігерлер мен медбикелердің киім ауыстыруы түгелдей дерлік бейне-бақылау камералары арқылы бақыланады. Бұған қоса, қазіргі уақытта аудан бойынша ең өзекті мәселе – ультрадыбыстық зерттеу маманының тапшылығы. Аудандық ауруханада ультрадыбыстық зерттеу аппараты бар және тегін түсіріледі. Алайда, тек жүктілік уақытындағы бірінші кезеңде тегін түсіріліп, кейінгі екі рет түсірілуі Атырау қаласына тегін жолдамамен жіберіледі. Бірақ, аяғы ауыр әйелдер ультрадыбыстық зерттеуге жеке кәсіпкердің клиникасына өз қаражаттарына бір күндік кезек күтіп түседі, - дейді аудандық аурухана директорының орынбасары Мәдина Қанатқалиева.

«Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметкері Айсәуле Ардаққызы қандай жағдайда да ең алдымен күш ақ халатты жандарға түсетінін, сол себептен дайындықты күшейткен дұрыс екендігін тілге тиек етті.

Нұрсәуле СҮЛЕЙМЕН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT