Ағымдағы жылдың 30 маусымынан басталған лотореяның финалдық ойыны қазан айында өтеді.
Онда 2021 жылдың 1 ақпанынан 30 қыркүйегіне дейінгі аралықта вакцинаның I немесе II компоненттерін алғандар арасында 10 миллион теңге ойнатылады – деп, хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Ал, бүгін тамыз айының 1-31 аралығында вакцинацияланғандар арасында 1 миллион теңгелік 6 сертификат ұтысқа түседі.
Еске сала кетейік, «Атырау облысының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен өтіп жатқан бұл лоторея 2021 жылдың 30 маусымында басталды. Содан бері, коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алғандар арасында әр 10 күн сайын 200 мың теңгелік сертификаттар ойнатылып, жеңімпаздары анықталды.
Айта кетейік, ақшалай ұтыс жеңімпаздары «Атырау облысының Азаматтық Альянсы» ЗТБ беттерінде кездейсоқ сандарды құруға арналған арнайы бағдарлама (lizaonair.com/random) арқылы тікелей эфирде және әлеуметтік желілерде анықталады.