banner_damu

Атырауда сауда орталығы вакцина алғандар арасында 1 миллион теңге ұтыс ойнатты

"Ұтыс ойынының жеңімпаздары болып вакцина алған төрт жергілікті тұрғын анықталды" деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

"Baizaar" сауда орталығы вакцинацияланған аймақ тұрғындары арасында 1 миллион теңге ұтыс ойынын қорытындылады. Акция ағымдағы жылдың шілде айында басталып, 1 қыркүйекте аяқталып отыр. Ақшалай сыйлықтар коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналардың I және II компоненттерін алғандар  арасында онлайн форматта ойнатылды.

Ұтыс қорытындысы бойынша ақшалай жүлдеге төрт жеңімпаз ие болды.

Олардың қатарында Серік Қалхаманов, Анар Батырғалиева, Қайрат Тоқпағамбетов және Гүлшара Иманалиева бар.

- Ұтыс ойынына қатысу үшін тұрғындарға "Baizaar" сауда орталығының егу пунктінен вакцинаның екі компонентін алу талабы қойылды. Және жеке деректері жазылған  купонды толтырып, оны арнайы жәшікке салу қажет болды.

Осылайша 1 қыркүйек күні Instagram-ғы ресми парақшамыз арқылы онлайн-форматта   ақшалай ұтыс жеңімпаздарын анықтадық. Бұл әрқайсысы 200 мың теңгеден екі ақшалай жүлде және әрқайсысы 300 мың теңгеден екі жүлде" дейді конкурс ұйымдастырушылары.

Еске сала кетелік, қазіргі таңда Атырау облысының 196 мыңнан астам тұрғыны коронавирусқа қарсы  вакцинаның бірінші компонентімен, 143 мыңнан астам адам екінші компонентімен егілді.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика