Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Вакцина салдырған 6 адамның әрқайсысы 1 млн теңгені ұтып алды

Атырауда вакцина салдырған 6 адамның әрқайсысы 1 млн теңгені ұтып алды.

Бұған дейін Атырауда вакцина алғандар арасында жүлде қоры 40 млн теңгелік ұтыс ойыны басталып, «Азаматтық Альянс» заңды тұлғалар бірлестігі «Вакцина ал да, ақшалай сыйлыққа ие бол» акциясының бірнеше кезеңін өткізген еді. Ал, бүгін, 6 қыркүйекте 6 млн теңгенің ұтыс ойыны өтті.

Кезекті ұтыс ойынына вакцина салдырған 87 252 адам қатысты. Кездейсоқ сандарды таңдау арқылы жергілікті телеарнаның тікелей эфирінде өткен ақшалай ұтыс ойынын тәуелсіз бақылаушылар қадағалап отырды.

«Ұтыс ойынының нәтижесінде Жылыой ауданының тұрғындары Мереке Дүзелгенов, Әділбек Қамидолла, Құрманғазы ауданынан Алтын Сәрсенова, Атырау қаласында тұратын Жомарт Жұмабеков, Гүлназ Достанова, Айман Әбиева жеңімпаз атанып, әрқайсысы 1 млн теңгенің сертификатын иеленді», -деп хабарлады «Азаматтық Альянс» заңды тұлғалар бірлестігінен.

Inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521