Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырау облысында бір тәулікте 67 адам Covid-19 жұқтырған

Атырау облысында коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың күрт төмендегені байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 67 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 41 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 12 науқас анықталды.

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Индер ауданында - 11 науқас анықталған, Исатай ауданында - 1, Қызылқоға ауданында  - 1, Мақат ауданында - 1 адам.

Коронавирустық инфекциясы бар 35 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 32 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 548 адам емделді.

Қазір 5 645 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 177, екінші облыстық ауруханада – 139 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 67, кардиоорталықта - 42, т/ж ауруханасында - 35 адам ем алуда, облыстық ауруханада - 12, жатақханада - 74,аудандық инфекциялық стационарларда - 204. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 255 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT