Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Тауарлардың қауіпсіздігі жөніндегі мониторингілеу

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қалалық және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларымен Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылғы саласында бақылау мақсатында сатып алуды жүзеге асыру қағидалары» бойынша жүзеге супермаркеттер мен дүкендерден өнімдерді сатып алу кезінде жеке және заңды субъектілерді алдын ала хабардар етілмей, жұмыс атқарылады.

Өнімді сатып алу жоспарына мынадай өнім енгізіледі:

1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-229/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21728 болып тіркелген) бекітілген Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдердің тізілімін жүргізу қағидаларында көзделген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнім тізіліміне енгізілген өнім;

2) ағымдағы жылы санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг шеңберінде анықталған сәйкес келмейтін өнім;

3) өзіне қатысты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы камералдық бақылау шеңберінде сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың болмауы және (немесе) сәйкес келмеуі анықталған өнім;

4) Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден және басқа да елдерден, халықаралық ұйымдардан сәйкес келмейтін өнімге қатысты уақытша санитариялық шараларды енгізу туралы ақпарат негізінде тапсырмасы;

5) мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан, бұқаралық ақпарат құралдарынан және әлеуметтік желілерден Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде және (немесе) бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарында көзделген қауіпсіздік талаптарын бұзудың нақты фактілерімен сәйкес келмейтін өнімді өткізу туралы, оның ішінде адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің қоршаған ортаға, құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтіру туралы ақпарат; 6) адам өмірі мен денсаулығына зиянды әсер ететін және (немесе) тұтынушылардың заңды мүдделерін бұзатын сәйкес келмейтін өнім. Атырау қалалық және аудандық басқармалардың мамандары Атырау облыстық (ҰСО) Ұлттық Сараптама Орталығына саралауға өнімдерді тапсырады. Зертханалық зерттеулер нәтижесі бойынша өнімдерден сәйкессіздік анықталған жағдайда үш күн ішінде (ЖДШ) жедел ден қою шаралары жүргізіледі. Жеке және заңды субъектісі жедел ден қою шарасын қолдану туралы қаулыны алған кезде Кодекстің 43-бабының 5-тармағына сәйкес бекітілетін тәртіппен сәйкес келмейтін өнімді дереу алып қоюға және (немесе) өткізуден кері қайтарып алуға міндетті.

Құрметті Атырау облысының тұрғындарының назарына !

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті облыс аумағындағы сатушыларға өнімдерді сату барысында Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің талаптарын қатаң сақтауға, яғни өнімдердің мемлекеттік тілде заттаңбасы болуын, сақтау шартын, жарамдылық уақытын қадағалауға, ал тұтынушыларды өнімдерді сатып алу барысында аталған ережелерді басшылыққа алып, өнімнің заттаңбасына мән беріп, қауіпсіз өнім таңдауға шақырады.

Айгүл Искакова,

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT