Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Облыстың бас дәрігері тағайындалды

- 30 желтоқсанда Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов облыс активін өткізіп, денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысын таныстырды, - деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыс әкімінің бұйрығымен денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Байтолла Ғазизов тағайындалды.

- Өткізілген конкурс қорытындысымен Байтолла Закарьяұлы Ғазизов денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды. Медицина саласындағы тәжірибелі маман. Аудандық, облыстық деңгейде түрлі басшылық қызметтер атқарды. Кәсіби, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Оның басшылығымен өңірдегі денсаулық сақтау саласы жаңа серпін алады деген сенімдемін. Алда ел игілігі үшін атқаратын көп жұмыс күтіп тұр, - деді Махамбет Досмұхамбетов.

Байтолла Ғазизов облыс басшысын өңірдегі денсаулық сақтау саласындағы маңызды мәселелерді шешуге бар күш-жігері мен тәжірибесін салатынына сендірді.

Б.Ғазизов - жоғары білімді, Ақтөбе мемлекеттік медицина университетін бітірген. Еңбек жолын Атырау облыстық ауруханасында дәрігерліктен бастаған. Индер, Құрманғазы аудандарында отбасылық-дәрігерлік амбулаторияларда жұмыс істеген. Туберкулезге қарсы ауруханада, кейін Құрманғазы аудандық ауруханасында бас дәрігер болды. Медициналық және фармацевтік қызметтерді бақылау Комитетінің Атырау облысындағы департаментін басқарды.

Б.Ғазизов бүгінге дейін әлеуметтік-медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының директоры қызметін атқарды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT