Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

МӘМС жүйесінде сақтандырылған азаматтарға ұсынылатын медициналық көмектің кеңейтілген спектрі

2022 жылғы 1 шілдеде Атырау облысы бойынша халық саны 667 506 адамды құрады, оның  ішінде 582 989 адам МӘМС жүйесінде сақтандырылған яғни облыс бойынша сақтандырылғандар 87,2 пайызды құрап отыр.

Жыл басынан бері облыс бойынша сақтандырылмаған азаматтардың саны 90 мың адамнан 84 517 мың адамға дейін азайған.

 «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалы сақтандырылмаған азаматтардың санын азайту мақсатында жергілікті атқарушы органдардан облыстық денсаулық сақтау басқармасы, қала және аудан әкімдіктері бірлесіп жұмыс жасауда. Сонымен бірге, ішкі істер департаментінің миграциялық қызмет басқармасы да қолдау көрсетуде. Жыл басынан бері 2136 адам қамтылған
94 кездесулер өткізілді. Апта сайын медицина ұйымдарының қызметкерлері оқытылуда, күні бүгінге 66 оқытулар өткізіліп, оған 1521 адам қамтылды. Телефон арқылы және филиалға аяқтай келген 1036 азаматтарға консультация берілді. Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде  593 материал жарияланды, оның ішінде: телеарнада – 3, газеттерде - 2, электрондық  БАҚ – 138, директордың әлеуметтік желілердегі посттары – 44, пабликтерде және әлеуметтік желілердің танымал топтарында жарияланымдар – 406» - деп атап өтті филиал директоры Байтолла Газизов.

МӘМС жүйесінде сақтандырылған азаматтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру ұсынатын медициналық көмектің кеңейтілген спектріне ие болады.

МӘМС келесі медициналық қызметтерді қамтиды:

  • профилактикалық медициналық тексерулер;
  • учаскелік дәрігердің нұсқауы бойынша арнайы маманданған дәрігердің қабылдауы және кеңес беруі;
  • созылмалы дертке шалдыққан жандардың бейінді мамандардың бақылауында болуы;
  • уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысанда стоматологиялық көмек көрсету;
  • диагностикалық қызметтер, оның ішінде лабораториялық диагностика (УЗИ, рентген, КТ, МРТ);
  • мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы, стационарлық медициналық көмек;
  • медициналық оңалту;
  • стационарда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.

 

Сіздер үшін fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot жұмыс істейді. Дәл осы құралдар сақтандырылу мәртебесін тексеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ электрондық үкіметтің egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөліміне өтіп, «Медициналық қызметтер туралы және МӘМС-ға аударылған сомалар туралы ақпарат» мемлекеттік қызметі арқылы медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеруге мүмкіндік бар.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT