Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда 74 адамнан COVID-19 анықталды

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде 74 адамнан COVID-19 анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында - 56, Жылыой ауданында - 11,Исатай ауданы - 3, Құрманғазы ауданы - 2, Қызылқоға және Махамбет ауданында 1 адам.

Коронавирустық инфекциясы бар 67 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 7 адамда ауру белгілері жоқ. Өткен тәулікте облыста коронавирустан 12 адам емделді.

Қазір 600 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада  - 46, аудандық инфекциялық стационарларда - 15 науқас ем алуда.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «жасыл» аймақта.

 

Сурет: pexels.com 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT