Бөкейхан ауылдық округінде ауыл әкімі сайлауы өтті. Сайлау науқаны заң талаптарына сай, белгіленген тәртіппен ұйымдастырылды.
Дауыс беру учаскесінде сайлау процесінің ашық әрі әділ өтуі үшін барлық қажетті жағдайлар жасалды.
Аталған округ бойынша сайлаушылардың жалпы саны 1106 адамды құрайды. Дауыс беру күні тұрғындар өздерінің азаматтық міндетін орындап, ауыл болашағына қатысты таңдау жасауға мүмкіндік алды. Сайлау учаскесінің жұмысы таңғы уақыттан бастап белгіленген мерзімге дейін үздіксіз жүргізілді.
Сайлаушылардың барынша қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында үйден дауыс беру қызметі ұйымдастырылды. Бұл мүмкіндік, әсіресе, зейнеткерлерге және денсаулық жағдайына байланысты дауыс беру учаскесіне келе алмайтын азаматтарға арналды. Үйден дауыс беру рәсімі сайлау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен, барлық талаптар сақтала отырып өткізілді. Сайлау барысында алғаш рет дауыс беретін азаматтар тіркелген жоқ. Дегенмен, округ тұрғындары сайлау процесіне жауапкершілікпен қарап, өз таңдауларын білдірді. Сайлау комиссиясы тарапынан дауыс беру барысына қатысты заңбұзушылықтар анықталған жоқ.
Жалпы, Бөкейхан ауылдық округіндегі ауыл әкімі сайлауы тыныш жағдайда өтіп, белгіленген талаптарға толық сәйкес ұйымдастырылды. Бұл өз кезегінде тұрғындардың жергілікті басқару ісіне белсенді араласуына және азаматтық жауапкершіліктің арта түсуіне ықпал етті.
Әділет ҚАНАТҰЛЫ



