"Ата-ана вакцинациялау кезінде баласының қасында бола алады және екпе келісіммен салынады" деп хабарлайды Атырау облысы өңірілік коммуникациялар қызметі.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, вакцина алуға қарсы көрсетілімі жоқ жасөспірімдердің тізімін жасақтау процесінде ата-аналардан келісім алдын ала алынады. Осыған байланысты, вакцинациялауға ата-анасының келісімі бар балалар ғана алдын ала жасалған тізім бойынша шақырылады.
"Емханада да, мектепте де ата-аналар қалауы бойынша балаларын вакцинациялауға қатыса алады» делінген министрлік жолдаған хабарламада.