Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

КӘСІБИ АУРУ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Кәсіби аурулар кәсіпорындардағы санитариялық-гигиеналық ережелердің дұрыс орындалмауынан, шу, діріл, тағы басқа әсерінен пайда болады. 

Олай дейтін себебіміз, шаң-тозаңы көп жерде жұмыс істеген адамның өкпесі пневмокониозға (өкпені шаң басу), ал радиоактивті препараттармен жұмыс істейтіндер сәуле ауруына шалдығады. Қатты дірілдейтін аспаптармен ұзақ уақыт жұмыс істеу тамыр неврозына (ангионеврозға) ұшыратады. Мал шаруашылығындағы адамдар ауру мал арқылы түйнеме, маңқа, сарып, туляремия ауруын жұқтырып алуы мүмкін. Кәсіптік зиянды әсерлер тек кәсіби ауруларды ғана емес, басқа аурулардың да пайда болуына әкеліп соқтырады. Жұмыс түріне қарай жұмыс күні мерзімін қысқарту, жыл сайын қосымша демалыс беру, жұмыс кезінде үзіліс жасау (15-20 минут), техникалық шараларды іске асыру – кәсіби аурулардың санын азайтып, кей жағдайда мүлдем жоюға мүмкіндік береді. Кәсіби ауруларды азайту үшін радиоактивті препараттармен, рентген кабинеттерінде, ыстық пештерде тағы басқа жұмыс жасайтын адамдарды жұмысқа аларда жыл сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 24.02.2015 жылғы №128 бұйрығымен бекітілген «Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидасына» сәйкес денсаулығын медициналық тексеруден өткізіп тұру қажет.

Кәсіби ауруларға шалдыққандар әлеуметтік қамсыздандыру тарапынан жеңілдіктермен қамтамасыз етіледі. Ауыл шаруашылығы саласында, өндіріс орындарында, емдеу мекемелерінде рентген аппараттарымен жұмыс жасайтын жұмысшылар арасында жоғарыда аталған аурулар тіркелген жағдайда, санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы органға шұғыл хабарлама беріліп, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 20.05.2018 жылғы №224 бұйрығымен бекітілген «Халықтың инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулары мен улану жағдайларын тексеру қағидаларын және олар бойынша есептілікті жүргізу» қағидаларына сәйкес кәсіби ауруға күдікті тіркелген жұмыс орнына санитариялық-эпидемиологиялық тексеру жүргізіледі.

Санитариялық-эпидемиологиялық тексеру қорытындысы бойынша кәсіби ауруға күдікті тіркелген науқастың жұмыс орнында кәсіби ауру тудыратындай, шу, діріл, шаң-тозаң, радиоактивті заттар рұқсат етілген шекті нормасынан жоғары болса, сонымен қатар мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпорындарда инфекциялық аурулар мал арасында тіркелген болып, қоздырғышы табылса, бұл кәсіби ауру болып табылады. Яғни, мамандығына байланысты кәсіпорынның зиянды әсерінен болған ауру деп қорытынды жасалады.

Алтынгүл АЙМҰРАТОВА,

аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен

қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT