Денсаулық сақтау министрі жұмыс сапарымен Атырау облысына келді

"Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Атырау облысына жұмыс сапары барысында Атырау қаласындағы Береке және Алмалы ауылдарындағы екі ауылдық дәрігерлік амбулаторияға барды", - деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Денсаулық сақтау министрі Береке ауылындағы амбулаторияның жұмысымен танысты. Амбулатория дәрігері Серік Құлғазиевтің айтуынша, Береке ауылында диспансерлік науқастардың саны көп, бала туу көрсеткіші жоғары, сондықтан амбулаторияның медициналық персоналына патронаж бен шақыртулар бойынша үлкен жүктеме түседі.​

"Медициналық бағыттағы жоғарғы оқу орындары студенттерін оқытуға жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаражат бөлуді, тұрғын үй беруді және басқа да әлеуметтік қолдау шараларын, медицина қызметкерлеріне сараланған еңбекақы төлеуді қолдануды қоса алғанда, жас кадрларды ауылға тарту үшін қолдау шараларын жасау қажет", - деп атап өтті Ажар Ғиният.​ ​

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиевтің айтуынша, Береке ауылында бір ауысымда 25 адам қабылдайтын жаңа дәрігерлік амбулатория салу 2023 жылға жоспарланған.​

Министрдің барған екінші нысаны Алмалы кентіндегі бір ауысымда 25 адам қабылдайтын фельдшерлік-акушерлік пункт болды, онда 3,7 мыңнан астам ауыл тұрғыны тіркелген.​

Мұнда ескі ғимараттың орнына дәрігерлік амбулаторияның жаңа ғимаратын салу жоспарлануда.

Жаңа ғимарат әлеуметтік қызметкерлер мен психологтардан, тіркеу бөлімінен, клиникалық-биохимиялық зертханадан, баланы дамыту кабинетінен, аудиологиялық скрининг жүргізуге арналған кабинеттен тұратын әлеуметтік-психологиялық қызметпен қамтылатын болады.

 

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика