Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда мүмкіндігі шектеулі жандар оңалту бойынша семинарлар өткізуде

2021 жылдың қаңтарынан осы уақытқа дейін 1 миллионнан астам қазақстандық зейнетақы жинақтарына баспана алды, емделуге жұмсап, өзге қаржы институттарына сенімгерлік басқаруға берді.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мәліметінше, 2021 жылдың қаңтары мен осы жылдың 1 наурызы аралығында 967 853 қазақстандық зейнетақы жинағының шекті мөлшерден асатын сомасын үй жағдайын жақсартуға алу үшін өтінім берді. Оларға қордан 2,7 трлн теңге қаржы аударылды. Бұл ретте біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы 3,1 млн теңге болды. Зейнетақы жинағын алғандардың басым көпшілігі Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларының және Маңғыстау облысының тұрғындары.

Айта кетерлігі, уәкілетті операторлардан салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына өтініш берушінің өтініші және өзге де себептермен 379,9 млрд теңгеден аса қаражат қайтарылды. Себебі, қазақстандықтар біржолғы зейнетақы төлемдерін белгіленген мерзімде пайдаланбаған. Сонымен қатар 198 657 азамат зейнетақы жинақтарын емделуге пайдалану үшін өтінім берді. Жалпы сома 176,4 млрд теңгені құрайды. Бұл ретте алуға болатын орташа сома – шамамен 0,9 млн теңге. Бірақ, өтініш берушінің өтініші немесе өзге де себептермен белгіленген мерзімде пайдаланылмаған 19,9 млрд теңге салымшылардың шоттарына қайтарылды. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруға қатысты төрт инвестициялық портфельді басқарушымен шарт жасасқан. Осылайша салымшылардың 7,6 млрд теңгесінің 45,86% немесе 3,46 млрд теңгесі «Jusan Invest» АҚ-қа, 27,65% немесе 2,09 млрд теңгесі «Halyk Global Markets» АҚ-қа, 15,97% немесе 1,21 млрд теңгесі «BCC Invest» АҚ-қа, 10,53% немесе 0,80 млрд теңгесі «Сентрас Секьюритиз» АҚ-қа аударылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT