ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қатаң карантин шараларын енгізудің нақты критерийлерін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Әрине, оның бірнеше критерийі бар. Басты критерийлердің бірі – төсек-орын қорының 70 пайыздан асуы. Яғни, қолданыстағы төсек-орындардың 15 пайызы ғана толық қазіргі жағдай өзгеріп кетсе, денсаулық сақтау саласының ресурстық жүйесі шегіне жеткенін көрсек, онда біз шешім қабылдау, мемлекеттік комиссияға карантин шараларын қатаңдату туралы ұсыныс жасаймыз. Қазіргі уақытта біздегі жағдай тұрақты», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Осы баспасөз мәслихатына қатысқан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың айтуынша, Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
Бүгінде тәуліктік өсім 0,1 пайызды құрап отыр. «Бүгін COVID-19 жұқтырудың 86 жағдайы тіркелді. Осы жылдың 5 шілдесінен бастап науқастарды жататын орынмен қамтамасыз ету қажеттілігі 6 есеге, КВИ мәселелері бойынша жедел медициналық көмек шақырулары 5,5 есеге азайды. Науқастардың 99 пайызы сауығып, аман-есен отбасына оралды»,- деді ол.
Дереккөз: inform.kz
Сурет: ашық дереккөзден