Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Биыл Береке ауылында дәрігерлік амбулатория бой көтермек

сурет ғаламтордан алынды
сурет ғаламтордан алынды

Алмалы ауылдық округіне қарасты Береке ауылында 25 орындық дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталады,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

 Мекеме емдік-профилактикалық бөлме, арнайы мамандырылған акушер-гинеколог кабинеті, стоматологиялық бөлмеден тұрады. Сондай -ақ төрт кереуетпен жабдықталған күндізгі стационар бөлмесі, зертхана және залалсыздандыру,  тазалық бөлмесі қарастырылған.

-  Халыққа жайлы қызмет көрсету мақсатында ауылдардағы медициналық көмектің сапасын жақсарту көзделген.  Ауыл тұрғындары осы уақытқа дейін #5 емханаға келіп ем алып, қаралып жүрді. Жаңа емдеу мекемесі күніне 20-дан астам тұрғынды қабылдай алады. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың екінші жартысына дейін бітіп, қолданысқа беріледі деп жоспарланып отыр,- деді Атырау облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының бас маманы Ернар Қадырбай.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT