Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Облыстық балалар ауруханасында заманауи Lokomat аппараты іске қосылды

Атырау облыстық балалар ауруханасы заманауи технологиямен жабдықталып, қозғалыс функцияларын қалпына келтіруге арналған Локомат аппаратымен толықты, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Құрылғы церебралды сал ауруы (ДЦП), инсульт, жұлын жарақаты, бұлшықет атрофиясы сияқты диагноздары бар балалардың қозғалыс қабілетін қайта қалыптастыруға көмектеседі. Ол арқылы баланың қозғалыс траекториясын нақты өлшеп, әр қадамның дұрыстығын бақылауға болады. Бұл дұрыс жүру үлгісін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

- Аппарат әр баланың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес бейімделіп, жеке реабилитациялық бағдарлама ұсынады. Құрылғы ұзақ әрі қарқынды жаттығуларды жеңілдетеді, бұлшықеттерді күшейтіп, жүйке-бұлшықет байланысын жақсартады. Қазіргі уақытта облыстық балалар ауруханасының мамандары арнайы сабақтан өтіп, аппаратты тиімді пайдалану әдістерін меңгерді. Бұл әмбебап Локомат құрылғысын тек балалар ғана емес, ересектердің де қолдануға мүмкіншілігі бар. Сондай-ақ арнайы құрылғы оңалту саласындағы озық технологиялардың бірі балалардың жарқын болашағына жасалған үлкен қадам, - деді оңалту орталығының басшысы Гүлнар Мирамова. 

Айта кетейік, аппарат ойын және визуалды кері байланыс арқылы баланың қызығушылығын арттырады және оңалту шараларын көңілді өткізіп, адамға жігер беріп, ынталандыруға көмектеседі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT