Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ауданда тұмауға қарсы екпе басталды

Аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсізідігін бақылау басқармасының басшы А.Б.Аймуратованың хабарлауынша: ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 05.09.2020 жылғы «2020-2021 ж.ж. эпидемиялық маусымға арналған тұмау мен ЖРВИ-ге қарсы санитарлық-профилактикалық, санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізу туралы» қаулысына сәйкес ауданда тұмауға қарсы вакцинация ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде басталды.

Осы мақсаттарға аймақ үшін облыстық бюджеттен Ресей Федерациясында өндірілген Гриппол Плюс вакцинасының 3000 дозасы бөлінді, бұл 2019 жылға қарағанда 2 есе көп. Осыған байланысты аудан бойынша барлығы 10 егу пункттері, 9 мобильді топ ұйымдастырылған. Олар қажетті жабдықтармен жабдықталған. Күні бүгінге қауіпті топтан 143 адам екпемен қамтылды. Сатып алынған көлем вакцинацияға аудан тұрғындарының 10% қамтуға мүмкіндік береді. Екпе медициналық қызметкерлерге, 2-3 триместрдегі жүкті әйелдерге, созылмалы аурулармен есепте тұрған балалар мен ересектерге, 6 айдан бастап жиі ауыратын балаларға, жабық мекемелер контингентіне жасалады.

Тұмауға қарсы вакцинация 1 сынып оқушылары үшін манту сынамасы және туберкулезге қарсы ревакцинацияны жүргізумен сәйкес келеді (2020 жылдың 01-30 қыркүйегі аралығында). Сондықтан БЦЖ ревакцинациясын алған балаларға тұмауға қарсы вакцинаны 1 айдан кейін ғана жүргізіледі.

Екпе санитариялық-эпидемиологиялық ережелерді сақтай отырып жүргізіледі, арақашықтық пен маска режимі сақталады. Балаларға екпе жүргізуде алдын ала жазылу арқылы ата-аналарымен бірге емханаға шақырылады. Ақылы негізде егу үшін сіз аудандық ауруханаға хабарласу керек. Сондай-ақ, ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу үшін мыналар қажет:

- бөлмені жүйелі түрде желдетіп тұрыңыз - С витаминіне бай тағамдарды жеу.

- таза ауада жиі серуендеу керек - қол гигиенасын сақтаңыз

- қолыңызды сабынмен жиі жуыңыз немесе алкогольге негізделген өнімді қолданыңыз, әсіресе аузыңыз бен мұрныңызға тигенде;

- дене шынықтыру, спортпен айналысу және денені қатайту.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT