Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 317 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 176 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 41 науқас анықталды.
Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында - 25 жағдай, Индер ауданында - 11 науқас анықталған, Исатай ауданында - 25, Қызылқоға ауданында - 14, Құрманғазы ауданында - 11, Мақат ауданында - 17, Махамбет ауданында - 7 адам.
Коронавирустық инфекциясы бар 206 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 111 адамда ауру белгілері жоқ.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 553 адам емделді.
Қазір 8 054 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 193, екінші облыстық ауруханада – 184 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 63, кардиоорталықта - 94, т/ж ауруханасында - 86 адам ем алуда, облыстық ауруханада - 93, жатақханада - 78, аудандық инфекциялық стационарларда - 309. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 574 науқас.
Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.