Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атыраулық дәрігерлер туа біткен патологиясы бар балаға сәтті ота жасады

Анасы сәбиі дүниеге келгеннен  кейін, бірден баланың бас пішініндегі сәйкессіздікті байқады, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Облыстық балалар ауруханасының нейрохирургтары кезекті күрделі ота жасады. Медициналық мекеменің  пациенті  төрт айлық нәресте болды.

- Бала туғаннан кейін  анасы бас пішініндегі диспропорцияны байқаған. Екі айлығында ол нейрохирургтан кеңес алыпты. Балаға "бас сүйегінің туа біткен патологиясы", "сагитальды краниостеноз" диагнозы қойылды", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кету керек, бұл туа біткен патология бастың диспропорциялы өсуімен сипатталады.

Балаға жоспарлы хирургиялық емдеу, сондай-ақ  краниотомия ұсынылды.

- Операциядан кейін дәрігерлер науқастың жасына сәйкес бас пішінінің пропорцияларын орнына келтірді . Біраз уақыттан кейін, бала үйіне шығарылды, - деп хабарлады Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT