Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АТЫРАУДЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ: «АЛАҢДАУҒА НЕГІЗ ЖОҚ»

Брифинг барысында Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев облыстағы эпидемиологиялық ахуал жөнінде маңызды көрсеткіштерге тоқталды, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі. ​

-Аймақта індет басталғалы 25 040 адам КВИ жұқтырды, - деді ол.

– Осыған орай, өңірде 2098 төсектік 10 инфекциялық стационар дайындалды. Олар – Атырау қаласында 460 төсектік үш және Теңіз кен орнында 1360 төсектік стационар, сондай-ақ, аудандарда 278 төсектік стационарлар. Оның ішінде реанимациялық төсек-орын саны – 81. Қазір облыс бойынша 333 науқас емделуде. Сәйкесінше, төсек-орын жүктемесі 15,8%-ды құрап отыр. Бір атап өтерлігі, Исатай аудандық ауруханасында науқас жоқ. Бүгінгі күні реанимацияда жатқан 23 науқастың үшеуі өте ауыр дәрежеде, ал, екеуі ИВЛ аппаратына қосылған.

Бұдан бөлек, қосымша 750 орындық инфекциялық стационар әзірленді. Алдыңғы жылмен салыстырғанда, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы айтарлықтай нығайтылды. Үкімет пен әкімдіктің қолдауымен және демеуші компаниялардың көмегімен қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды. Атырау қаласында 200 орындық модульдік инфекциялық аурухана құрылысы аяқталды. Қазір дәл осындай нысан Құлсары қаласында салынуда. Барлық медициналық ұйымдарда жеке қорғаныш құралдары мен дәрілік заттардың екі айлық қоры жасақталды. Дәрілік заттардың тұрақтандыру қорын қалыптастыру мақсатында «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы «Іңкәр» ЖШС-іне 500 млн теңге бөлінді. Сөйтіп, өңірдің жекеменшік 168 дәріханасын қамтамасыз ету үшін дәрі-дәрмектің 42 түрі сатып алынды. Бүгінде облыста тәулігіне 14 мыңнан астам зерттеу жүргізу мүмкіндігі бар 14 ПТР зертханасы жұмыс істеуде. Індет басталғалы 1 млн 185 мың ПТР-зерттеу жүргізілген.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521