Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Кеселден қайтсек құтыламыз?

Әлбетте, «Әлемді вирус жаулай бастады» деп дабыл қағылған кезден бастап, елімізде сақтық шаралары қолға алып, вирусты жеңіп шығуға сақадай сай болды.

Елдің түбегейлі карантиндік режимге жабылуына тура келді. Бастапқыда сенімсіздік танытқан қарапайым халықтарды карантин режимін бұзып, тыйым салынған жерлерден жиі кездестіретін болдық. Арнайы бетперде тағып, вирустан қорғайтын антисептик қолдану секілді карантиндік талаптарды орындап, үйде отырып, сақтық шараларын қолдану қиынға соғады деп ешкімде ойламаған. «Сақтансақ сақтайды» демей ме халқымыз? Елімізде сақтық шараларына бейжай қарағандар саны да аз болмады. Сондықтан да сақтық шараларын қатаң бақылауға алу туралы шешім қабылданды. Карантин режимін сақтамағандарға айыппұл салынды. Қаншама адам осы бір ғана вирустың кесірінен көз жұмды десеңізші?! Жалпы, бізге керегі-денсаулық. Деніміз сау болсын десек ауырмайтын жол іздегеніміз әлдеқайда абзалырақ. Тәж вирустың кесапаты бұл оқиғамен шектеліп қалмады. Жұмыс жасап, адал табыс тауып жүрген жандарға біршама қиыншылықтар туғызды.

Жаңа өмірге енді қадам басқан жас студенттер де, мектеп қабырғасындағы оқушылар да онлайн жүйеге көшулеріне тура келді. Осының нәтижесінде кей оқушылар сабаққа үйренісе алмай, оқу үлгерімдері төмендей бастаса, студенттер онлай режимде тиісті білім ала алмай отырған жағдайлар кездесті. Осының барлығы дерлік бір ғана вирустың кесапаты. Кішкентай ғана вирус бүкіл әлемді қамтып, өз кесапатын тигізіп отыр. Енді сол індеттен құтылудың бірден-бір жолы – екпе алу. Дәрігерлердің мәлімдеуінше, кем дегенде тұрғындардың 60-80 пайызы вакцина алғанда ғана қалыпты өмір сүру жағдайына оралатындығымыз анық. Сондықтан, осы бір індетті жеңуге баршамыз белсенді түрде атсалысып, екпе алғанымыз дұрыс деп есептеймін.

Айым СӘКЕНҚЫЗЫ,

студент

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT