Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда жүкті әйелдерге МӘМС аясында жоғары дәлдікті генетикалық диагностика қолжетімді болды

Атырау облыстық перинаталдық орталығында «Бір күндік клиника» толық жабдықталып, болашақ аналар халықаралық OSCAR стандарты бойынша 12-аптада кешенді пренаталдық скринингтен өте алады.

AYALA қоры мен «Шеврон» компаниясының қолдауымен орталық заманауи зерттеу микроскобын және толық жабдықталған цитогенетикалық зертхананы алды. Бұл ұрықтағы Даун, Патау, Эдвардс, Шерешевский–Тернер және Клайнфельтер синдромдары сияқты хромосомалық аномалияларды FISH әдісімен тез әрі дәл анықтауға мүмкіндік береді.

Орталық жылына 8 мыңға жуық босануды қабылдайды – бұл облыстағы жүктіліктердің шамамен 60%-ы. «Бір күндік клиникада» FMF, ISNS және CDC стандарттары бойынша сертификатталған генетиктер мен УДЗ мамандары жұмыс істейді.

Қазақстан бойынша бүгінде 22 «Бір күндік клиника» жұмыс істеп, жыл сайын 100 мыңнан астам әйелді тереңдетілген генетикалық скринингпен қамтиды.

Неонатологияға маманданған AYALA қоры 18 жыл ішінде 2,9 млрд теңгеден астам қаржыға 67 медициналық орталықты заманауи жабдықпен қамтамасыз етті.

Ақтілек Базарбаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT