Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырау облысында сәби өлімі көрсеткіші төмендеді

Жыл басынан бері облыстық перинаталдық орталықта 8 мыңнан астам сәби дүниеге келді, деп хабарлайды деп хабарлайды Атырау облысының коммуникациялар қызметі.

2015 жылы Атырау облысы әкімінің қаулысымен облыстық перзентхана "Атырау облыстық перинаталдық орталығы"ШЖҚ КМК болып қайта құрылды. ҚР Тәуелсіздігінің қалыптасу жылдарында ОПО - та бірқатар маңызды өзгерістер орын алды.

Атап айтқанда, Қазақстанның ДДҰ сәбидің тірі туу өлшемдерінің жаңа сатысына көшуімен 2008 жылдан бастап орталықта дене салмағы 500 грамнан басталатын жаңа туған нәрестелерді күту басталды.

Осылайша, осы санаттағы жаңа туған нәрестелердің өмір сүру деңгейі биыл 33% - ға жетті.

Мамандардың пікірінше, бұған ДДҰ-ның "қауіпсіз ана болу", "омыраумен емізу", "тиімді перинаталдық технологиялар" бағдарламаларын енгізу, сондай-ақ медициналық персоналдың біліктілігін үздіксіз арттыру, материалдық-техникалық базаны жақсарту және медициналық жабдықты сатып алу арқасында қол жеткізілді.

- Соңғы 4 жылда ана өлімінің көрсеткіші 100 мың тірі туғандарға шаққанда 11 промильді құрады, ал нәресте өлімінің көрсеткіші 1000 тірі туғандарға шаққанда 12-ден төмендеді және ағымдағы жылдың 10 айында 7,6 промиллені құрады, - деді Атырау облыстық перинаталдық орталығы директорының м. а. Қазбек Ермағамбетов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521