Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырау облыстық перинаталдық орталығында бірегей оталар жасалынды

Ағымдағы 2021 жылы «Атырау облыстық перинаталдық орталығында»  450 шала туған нәрестелер дүниеге келген. Шала туган нарестелерде кездесетин потология Ретинопатия деп аталады. Әлемдегі балалар соқырлығының негізгі себептерінің бірі де осы шала туған нәрестелер ретинопатиясы болып табылады.

«Облыстық перинаталдық орталығында ағымдағы жыл ішінде 102 нәресте осы диагнозбен тіркеліп, соқырлықтың алдын алу мақсатында МӘМС шеңберінде ем алып, күрделі оталар жасалынды. Нәрестелерге қымбат тұратын, бірегей отаны перинаталдық орталық мамандары мен облыстық офтолмологиялық ауруханасының мамандары бірлесіп  жасайды. Отаның басты ауырлығы ота жасалған нәрестелердің бесеуі де өте төмен салмақпен дүниеге келгендер.  Яғни, салмақтары 720 грамнан – 1180 грамға дейінгі нәрестелер» - деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарастыру бөлімінің басшысы А.Кәрімжанов.  

Мысалға: Нәресте Дәулетқызы  2021 жылдың 22 маусымында туылған. 27 апта 6 күнде дүниеге келген. 68 тәулік.. Салмағы - 1180.0 гр. Бойы – 35 см. Сәби Мақат аудандық ауруханасынан санавиациямен келіп түскен. Негізгі диагнозы: 3 дәрежелі ретинопатия, мидың ишемиясы. Субкомпенсирленген гидроцефалия. Ауыр асфиксия. Ауыр дәрежедегі Р 22 ОРДС. Отадан кейінгі жағдайы: Транспурилярная лазеркоагуляция аваскулярных зон сетчатки  стойкое фетальное кровообращение. Амирова 720 гр салмақпен туған. Диагнозы 3 дәрежелі ретинопатия. Транспурилярная лазеркоагуляция. Бұл нәрестелер аты айтып тұрғандай шала  туылғандықтан ішкі ағзалары толықтай жетілмей туылады. Орталық нерв жүйесі, өкпесінің толықтай ашылмауы, қан айналымның төмендігінің салдарынан нәрестелердің жағдайлары өте ауыр болды. Сәбилер көптеген емді керек етеді. Бір шала туған нәрестеге 2-3 миллион теңгенің емі жүргізіледі. Барлық емдер МӘМС жүйесі есебінен нәрестелерге тегін жасалынып, аман-есен үйлеріне шығарылды.                                                                                                                                            

Қазақстан Республикасының Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы Заңында көрсетілгендей еліміздегі 18 жасқа толмаған барлық балалар және жүкті әйелдер мемлекет тарапынан сақтандырылатын, жеңілдік берілген 15 топ қатарына жатқызылады.    Атырау облыстық перинаталдық орталығында 2021 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша барлығы – 1680 оталар жасалынған. Оның ішінде жоспарлы түрде жасалған оталар саны - 1486 отаны құраған. Шұғыл түрде жасалған оталар саны -  194.                                                                                                          

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521