Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырау облысында 37 бала COVID-19 дертіне шалдыққан

Олардың төртеуі коронавирус инфекциясынан ауруханаларда ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бұл туралы Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанар Сәдуова мәлім етті.

Спикердің айтуынша, COVID-19 инфекциясы анықталған (жеңіл немесе симптомсыз түрі) 33 бала дәрігерлердің амбулаторлық бақылауында.

- Коронавирус жұқтырған төрт бала стационарда емделуде, жағдайы орташа ауыр.

Өткен тәулікте тағы төрт балада коронавирус инфекциясы анықталды», - деді Жанар Садуова.

Жыл басынан бері COVID-19 2803 балада расталды, оның ішінде 143 бала ауруханаға жатқызылды.

Еске сала кетейік, облысқа 12 мен 18 жас аралығындағы балаларды, жүкті әйелдерді және емізулі аналарды  егуге арналған "Pfizer" вакцинасы әкелінеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT