Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АИТВ жұқпасына шалдыққан әйелдерге көмек

Әр адамда, соның ішінде әйелдерде адамның иммун тапшылығы вирусы(АИТВ) инфекциясын анықтағаннан кейін депрессия, қорқыныш, аяқ астынан тірек жоғалту сезімі пайда болады.

Сол кезде ЖИТС орталығының дәрігерлері және психолог  мамандары психологиялық  көмек  көрсетеді, қанда вирус мөлшерін төмендететін дәрілерді қабылдау арқылы  сапалы ұзақ өмір сүруге болатынын түсіндіреді. Әр әйелде  осы  аурумен  қалай өмір  сүреміз,  болашағымыз каңдай  болады, ұрпақ сүйе ала аламызба деген  сұрақтар туындайды. Осы сұрақтарына  дәрігерлерден толық  жауап  алып, сапалы өмірін  жалғастыруына  мүмкіндігі бар екенін біліп, өз  статусын  қабылдайды.

     Диспансерлік  есепке  алынғаннан кейін  вирусқа  қарсы  арнайы ем тағайындалады.  Берілген  емді үздіксіз қабылдаған жағдайда қандағы  вирус саны төмендеп,  иммундық  клеткаларына   зақым  келтіруді  азайтады.

ЖИТС   орталығының  есебінде тұрғандардың  40%   әйел азаматтар, оның  ішінде бала  босанатын   жастағы әйелдер 81%  құрап  отыр.

    АИТВ   жұқпасы  әйелдер  арасында   бірінші  рет Атырау облысында 2004 жылы  анықталды. Күні бүгінге дейін АИТВ жұқтырған әйелдерде  77 жүктілік  тіркеліп, олардан  49 бала  туылды, барлығының  100%  дені  сау боп дүниеге келді.  Бұл нәрестелерге АИТВ  инфекциясының жұқпағаны – дәрігерлермен аналарының  еңбегі. Біріншіден,  аналары жүктілікті  жоспарлап, толықтай  тексеріліп,  тағайындаған  емді  міндетті  түрде уакытымен қабылдап отырған. Ал дәрігерлер  аналары мен дүниеге  келген  нәрестелерін  диспансерлік бақылауға  алып, оларға  тиісті ем  тағайындап,  зертханалық  тексерістен  өткізіп  қадағалап  отырды.

АИТВ вирусының ер адамнан әйелге берілу мүмкіндігі әйелден ер адамға қарағанда сегіз есе жоғары екендігі ғылыми дәлелденген. Бұл әйелдің ұрпақты болу жүйесінің құрылымына байланысты. Сонымен қатар, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар және жыныс мүшелерінде зақымданудың болуы  адамның иммун тапшылығы вирусының әйел денесіне ену қаупін кемінде екі есе, кейде тіпті бес есе арттырады, вирустың таралуына ықпал етеді.

АИТВ - жұқпасы бар әйелдің денесінде жүктілік кезінде не болады деген сұрақ  туындайды.  Жүктілік кезінде АИТВ  жұқтырған  аналардың  қанында жүрген вирусқа қарсы антиденелер ұрыққа плацента арқылы енеді. Анасының  антиденелерінәресте дүниеге келгеннен кейін оның қанында 15-18 ай бойы сақталуы мүмкін. Сондықтан осы кезеңде нәрестеге инфекция жұқпаса да зертханалық тексеріс «оң» нәтиже көрсетеді. Себебі, зертхана реактиві антиденелерді тауып тұр. Осыған байланысты жаңа туған нәрестені дәрігерлер бақылауға  алып,профилактикалық ем тағайындайды.Егер инфекция сәбиге жұқпаған болса  анасынан берілген  антиденелер баланың  ағзасынан 18 айға дейінгі уақытта жойылады. Жоспарлы зертханалық тексерістерден кейін балаға «Дені  сау» деген қорытынды шығарылады.

     Сонымен қатар, баласын  ана сүтімен  емізуіне тыйым  салынады,  себебі  ана сүтіндеде вирус болады. Баланың денсаулығын сақтау үшін жасанды  сүттермен  тамақтандыру талап етіледі.

Болашақ аналар өзінің және ұрпағының денсаулығы үшін қарапайым ережелерді сақтауғатырысуыкерек:

-жүктілікті жоспарлау кезеңінде жыныстық серіктесімен бірге АИТВ жұқпасына тексерілу;

- кездейсоқ жыныстық қатынастан аулақ болу;

- жыныстық серіктеске адал болу;

- есірткі қолданбау;

- репродуктивті жүйенің қабыну аурулары және жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды  уақтылы  емдеу;

- жеке гигиенаны сақтау (тіс щеткасын, ұстараны, маникюрге арналған жабдықтар мен  гигиенаның басқа да құралдарын жеке пайдалану);

АИТВ жұқтырған әйелдер жоғарыда берілген кеңестерді сақтай отырып, дүниеге дені сау бала әкеле алады.

     Қауіпті аурудың салдарымен күресуден гөрі оның алдын алу тиімді екенін естен шығармаған жөн.

 

 

ЖИТС  орталығының  емдеу-алдын алу

бөлімінің  инфекционист  дәрігері                             А. Қарабекова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521