«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалы өткен жылы Қорға жүгінген азаматтардың өтініш-шағымдары бойынша қорытынды жасады. 2022 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанға дейін келіп түскен өтінімдер – 483 құрайды (оның ішінде алғыстар – 9, нормативті құқықтық актілер мәселелеріне қатысты – 116, қайталанатын шағымдар – 10, медициналық ұйымдарға шағымдар - 348).
Азаматтардан келіп түскен шағымдардың көшбасында Бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету мекемелеріндегі медициналық көмектер көрсетілуінің сапасына (сапасыз) қатысты шағымдар тұр – (16,6%); Одан соң, учаскелік қызметтің сапасыз көрсетілулеріне (жалпы практика дәрігері, дәрігер-терапевт, дәрігер-педиатор) – (10,9%). ТМККК мен МӘМС аясында дәрілік заттарды беруден бас тарту - (9,2%); Консультациялық-диагностикалық қызметке жолдама беруден бас тарту (бейінді мамандар, диагностикалық қызметтер) – 8,9%; Консультациялық-диагностикалық қызметті тым ұзақ күту бойынша – 8,6%.
«Пациенттер өз емханаларында бейінді мамандар болмаған кезде, басқа медициналық ұйымдарға жолдама ала алмағандарын немесе ақылы негіздегі тексерулер мен консультацияларға жіберілгендерін, сонымен қатар, уақтылы ем ала алмай немесе сапасыз емделгендерін, бейінді дәрігерлердің консультацияларын ұзақ күткендерін, медицина қызметкерлерінің дөрекі әрекеті, ТМККК кіретін медициналық көмекті алуға сақтандыру мәртебесін заңсыз талап еткендерін және өз құқықтары бұзылғанын айтып шағымданады», - деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Байтолла Газизов.
Естеріңізге сала кетейік, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сарапшылары әрбір шағым бойынша жоспардан тыс мониторинг жүргізеді және оның қорытындысы бойынша бұзушылықтар расталған жағдайда айыппұл санкциялары қарастырылады. Қор келіп түскен өтініш-шағымдарды талдау және мониторинг арқылы кері байланыс сапасына халықтың көңілі толғанын анықтайды.
Медициналық қызметтерді көрсетуден бас тартқан жағдайда, медқызметтердің сапасына көңілі толмаған пациенттер медициналық ұйымнан ресми жауап алу және тиісті шаралар қабылдау үшін төменде көрсетілген байланыс арналары бойынша міндетті түрде ресми өтінім қалдыру қажет. Әлеуметтік желілерде жазылған шағымдар процессуалдық шешім қабылдау үшін ресми өтінім болып табылмайды.
Егер тағы сұрақтар туындап жатса, сіз өз емханаңыздағы «Пациенттерді қолдау қызметіне» жүгіне аласыз. Ал ол жерде мардымды жауап ала алмасаңыз, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының келесі байланыс арналары арқылы өтініш жібере аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.
Осы құралдар арқылы сақтандыру мәртебесін тексеруге болады. Сондай-ақ, медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеріп, жүргізілген төлемдер туралы ҚР электрондық үкіметінің сайтында egov.kz "Денсаулық сақтау" бөлімінде "Медициналық қызметтер туралы және МӘМС-ға аударылған сомалар туралы ақпарат" мемлекеттік қызметі арқылы білуге болады.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ
Атырау облысы бойынша филиалы
Телефондар: 87122/556084, 8/7122/ 55 60 92.
Байланыс орталығы – 1406
2022 жылы пациенттер медициналық сақтандыру қорына қандай шағымдармен жүгінді?
- Информация о материале
- Денсаулық
- : 2343