Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

17 қызылқоғалықтан коронавирус инфекциясы анықталды

Қауіпті инфекцияның таралу ошағы әлі де Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 233 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 36 науқас анықталды. Инфекция облыстың аудандарында да таралуда.

Жылыой ауданында - 34,

Индер ауданында - 24,

Исатай ауданында - 6,

Қызылқоға ауданында - 17,

Құрманғазы ауданында - 15,

Мақат ауданында - 5,

Махамбет ауданында-16 адам анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 281 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 170 адам емделді. Қазір 2542 адам үй жағдайында, 188 адам модульдік ауруханада, екінші облыстық ауруханада - 207, фтизиопульманологиялық орталықта - 99, кардиоорталықта - 102, т/ж ауруханасында - 109, аудандық инфекциялық стационарларда - 304. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 161 адам ем қабылдауда.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта .

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT