Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

100 мыңға жуық атыраулық ревакцинацияланады

Қазіргі уақытта 17 мыңнан астам тұрғын қайта вакцинацияланды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

2022 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша, аймақта 97 493 адам қайта вакцинациядан өтуі қажет. Оның ішінде қазіргі таңда аталған адамдардың 17%-ы немесе 17 339 адам қайта егілді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев мәлім етті.

-Ревакцинация Verocel (Sinovak), QazVak және Комирнати (Pfizer) вакциналарымен жүргізіледі. Ведомство аралық комиссия шешімі бойынша 60 жастан асқан адамдарды қайта вакцинациялау басталды. Қазіргі таңда аталған вакцинамен 200 - ге жуық қарт адам егілді, - деді спикер.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT