«Атырауда "Вакцина ал да, ақшалай сыйлыққа ие бол!" ұтысының финалдық кезеңі өтеді» деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.
«Күні бүгінге дейін Атырауда коронавирусқа қарсы вакцина алғандар арасында 30 миллион теңгенің қаржылай сертификаттары тапсырылды. Енді, 1 қараша күні Атырауда "Вакцина ал да, ақшалай сыйлыққа ие бол!" ұтысы қорытындыланып, 10 миллион теңге коронавирусқа қарсы вакцина алғандар арасында ойнатылады. Ұтысқа 1 ақпаннан бастап, вакцина алған тұрғындар автоматты түрде қатысады. Жеңімпаздар «Каспиан ньюс» арнасының тікелей эфирінде кездейсоқ сандар генераторы арқылы анықталады. Вакцина - пандемияны жеңіп, қалыпты өмірге оралудың жалғыз жолы» дейді ұтысты ұйымдастырып отырған Атырау облыстық Азаматтық альянсы өкілдері.
Осылайша, 1 миллион теңгеден 10 адам жеңімпаз атанады.
Еске сала кетелік, "Вакцина ал да, ақшалай сыйлыққа ие бол!" ұтыс ойыны басталғалы Атырауда 90 адам 200 мың, 6 адам 1 миллион,
2 адам 3 миллион теңгеден ақшалай сертификат ұтып алған болатын.