Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырау облысында инфекциялық төсек орындары саны 30% - ға азайды

Өңірде коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың төмендегені байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Атырау облысында COVID-19 ауруының төмендеуіне байланысты ауруханалардағы инфекциялық төсек орындары саны 30% - ға 2352-ден 730 орынға дейін қысқарды.

Қазіргі уақытта модульді жұқпалы аурулар ауруханасында 99, екінші облыстық ауруханада – 6, аудандық инфекциялық стационарларда - 33 науқас ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 73 адам жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 15 қыркүйекте өңірде облыстық ауруханада, кардиоорталықта, екі жатақханада және т/ж ауруханасында орналасқан бес инфекциялық стационар бірден жабылды.

Науқастар санының азаюына байланысты қазан айының басында фтизиопульмонологиялық орталық базасында жұмыс істейтін инфекциялық стационар жабылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз