Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖАҢАШЫЛ МҰҒАЛІМНІҢ МЕРЕЙІ

Бүгінде ұстаздық жолды таңдап, шәкірттер жүрегіне жол таба білген жас мамандар жетерлік. Олар өз ісін сүйіп жасайтын, оқушыларға білім саласындағы жаңашылдықты үйрете білетін нағыз мамандар. Солардың бірі – Ы.Шөреков атындағы мектеп-гиназиясының математика пәнінің мұғалімі Гүлжанат Бағдат.

Ол Миялы ауылында дүниеге келіп, Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінен білім алады. Мектеп жасынан білімге құштар Гүлжанат түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болады. Орта мектепті аяқтаған соң Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетіне оқуға түсіп, «Математика-физика пәнінің мұғалімі » мамандығын алып шығады. Жоғары оқу орнын бітірген соң Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясын еңбек жолын бастайды. Жас маманның жұмысқа орналасқанына екі жыл болса да жетістіктері жетерлік. Осы уақыт аралығында оқушылары да ұстазының мерейін тасытып, түрлі байқауларды жүлдегер атанып жүр. Айталық, өткен оқу жылында оқушылары «Алтын сақа» олимпиадасының аудандық кезеңінде ІІІ орынды иеленсе, республикалық «Мың бала» олимпиадасының жеңімпаздары атанды.

Гүлжанат Асылбекқызы мектеп ішіндегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Өткен оқу жылында «Дарынды балаға – талантты ұстаз» байқауының облыстық кезеңінде І орынды иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алады. Педагогикалық білім мен білік сынға түскен бәсекеде арнайы сертификатпен марапатталады. Жақында ғана «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» байқауында аудандық және облыстық кезеңінің жеңімпазы болып, республикалық кезеңіне жолдама иеленді. Бұл жас маманның жұмысқа деген жауапкершілігі мен сүйіспеншілігін көрсетеді.

– Менің бала күнімнен бергі арманымның бірі – ұстаз болу болатын. Өйткені кішкене кезімнен бастап, өзім тәлім алған ұстаздарыма қарап бой түзедім. Мұғaлім бoлу үшін жан-жақты бoлу қажет деп ойлаймын. Сондай-ақ, алдында отырған әрбір оқушының бәрінің тілін таба білуі керек. Ең бастысы – балаға деген мейірімділік. Қазіргі таңда алдымдағы әріптес ағай-апайлардан үйренерім көп. Оларда маған жол сілтеп отырады, - дейді кейіпкеріміз Гүлжанат.

Ізденімпаз, жаңашылдықты қалайтын жас маманның жұмысына сәттілік тілейміз.

Гүлмира МАҚСОТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521