Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖАҢА ІЗДЕНІСТЕР ЖАРИЯ БОЛДЫ

Аудандық әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен «Қазіргі заманғы теориялық және тәжірибелік дағдылар – сапалы білім берудің негізі» тақырыбында білім беру қызметкерлерінің аудандық XXI педагогикалық оқулары өтті.

img_6355

Мақсат – білім беру саласы қызметкерлерінің педагогикалық шеберлігін арттырып, үздік инновациялық педагогикалық тәжірибелерді жинақтап, кеңінен тарату. Бұл ретте, алдымен білім беру мекемелерінен аудандық педагогикалық оқуға қатысуға 128 педагогтан сұраныс түсіп, педагогикалық оқулардың сараптау комиссиясының қорытындысымен 77 педагогтың жұмысы аудандық кезеңге жолдама алды. Өткен аптаның бейсенбісі күні ұйымдастырылған шарада қосымша пән мұғалімдерінің жұмысы (мектеп кітапханашылары, технология және өзін-өзі тану пәні) аудандық әдістемелік орталықта тыңдалса, мектепалды білім беру ұйымдарынан қатысушылар жұмыстарын «Нұр Шуақ» балабақшасында көрсетті. Ал, басқа пәндер бойынша тыңдалым Б.Аманшин мен Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектептің базаларында ұйымдастырылды.

img_6392

Шара барысында, педагогикалық оқу жұмыстарын әкелген мұғалімдердің барлығы да білім беру үрдісіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану арқылы жаңа ізденістерін көрсетті. Сондай-ақ, білім беру саласындағы инновациялық технологиялар арқылы жеке тұлға қалыптастыру бағытындағы өзіндік жаңалығы бар баяндамалар болып, іс-тәжірибеде қолдану дәрежесі көрсетілді. Нәтижесінде, 16 жұмыс бірінші орыннан көрініп, наурыз айының аяғында өтетін облыстық кезеңге жолдама алса, 15 педагог ІІ дәрежелі дипломмен, 15 педагог ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Ал, мектепалды білім беру ұйымдары арасында шығармашылық ізденістерімен танылған «Нұр-Шуақ» балабақшасы І орынды жеңіп алса, «Балбөбек» балабақшасы екінші орынды, «Балауса» балабақшасы үшінші орынды иеленді. Ал, орта мектептер арасында бірінші орынды Кенбай орта мектебінің ұжымы иемденсе, екінші, үшінші орындарды Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп пен Миялы орта мектебінің ұжымдары өзара бөлісті.

Бауыржан САҚТАСИНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT