Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғада ерекше білім беруді қажет ететін 62 оқушы білім алуда

«Мәселен Миялы ауылындағы Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінде 21 оқушы инклюзивті түрде оқытылуда. Оның алтауы үйден оқытылса, бесеуі психикалық дамуында тежелуі бар балаларға арналған (ПДТ) сыныпта, қалғандары өз тұстастарымен бірге оқып жатыр» - деп хабарлайды Атырау облыстық Білім басқармасының баспасөз қызметі.

«Оқушылар арнайы жеңілдетілген бағдарлама негізінде білім алуда. Мектеп психологтары оқушыларды коррекциялық жұмыстар арқылы тәрбиелеуде. Яғни, баланың ойлау қабілетін дамытатын моторикалық ойындар, жаттығулар жасауда», - дейді мектептің педагог-психологы Баршагүл Сарсенғалиева.

Мектеп директоры Сары Гүлшара Бақтыбайқызының айтуынша, білім ордасында физика, информатика, химия, биология пәндері үш тілде оқытылуда. 8-11-сыныптарда аталған пәндер үйірме, факультатив сабақтар есебінен енгізіліп отыр.

«Тарихы 1922 жылдан басталатын мектептің бір жылдан соң 100 жылдық мерейтойы аталып өтпекші. 1982 жылы пайдалануға берілген мектеп ғимараты 936 орындық, қазір мектепте 844 оқушы білім алуда. 1-11 сыныптарда 783 оқушы, мектеп алды даярлық топтарында 61 бала тәрбиеленуде. Мектепте 107 мұғалім еңбек етуде. Қазіргі таңда 1-4 -сыныптардан 28 кезекші сынып ашылып, 294 оқушы білім алуда. Кезекші сыныптарға 35 мұғалім дәріс беруде», -дейді ол.

Айта кеткен жөн, Қызылқоға ауданында ерекше білім алып отырған даму мүмкіндігі шектеулі 62 оқушы бар. Облыс бойынша 32 мектептегі 108 арнаулы сынып ашылған, даму мүмкіндігінде кінәраты бар 581 оқушы білім алуда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521