Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Қыран елім – Қазақстаным»

М.Өтемісов атындағы орта мектебінде  «Қыран елім – Қазақстаным» республикалық  патриоттық  акциясы аясында оқырмандар байқауы өтті.


Іс-шараның  басты мақсаты оқушыларға Республика  күнінің  мән-маңызын түсіндіру, мерекенің қоғамдағы тарихи мәртебесін бекіту, кішкентай оқырмандардың  кітапқа құштарлығын арттыру, ой-өрісін дамыту және оқыған  кітаптарын топпен талдай отырып, рухани тәлім-тәрбие беру.
Оқушылар «Көркем суретті Қазақстан тарихы» кітабы желісі бойынша қысқаша баяндама жасап,  арнайы видеороликпен таныстырды.  Аталған кітаптағы деректерге сүйене отыррып, бір-біріне сұрақ дайындап, жауап беріп, таным көкжиектерін кеңейтті. Мерекелік шара  «Көк тудың желбірегені» әнімен аяқталды.
Салтанат Сансызбай

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521