Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН ҚУАНЫШ

Өскелең ұрпақтың тәрбиесі – балабақша ұжымының басты назарында.

Бала тәрбиесінде ең алдымен, оларға елін, жерін қастерлеуге, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге, ел тарихын айтуға негіз аламыз. Өйткені, баланың қазіргі ойлау және айтылған сөзді жаттап алу қабілеттері жақсы болады. ал, бала жастайынан еліміздің жүріп өткен тарихын, мерекелердің не себепті қойылуын білетін болса, ел болашағы да жарқын болмақ. Иә, ел таңырқаған 25 қазан Республика күні, нағыз ұлттық мерекеміз. Өйткені, сонау қиын жылдарды артқа тастап, егемендік алу декларациясына қол қойылған болатын. Осы мереке қарсаңында, «Нұр-Шуақ» бөбекжай-бала бақшасы тәрбиешілері мен тәрбиеленушіне арналған апталық өтуде.
Ең алдымен, «Патриотизм дауысы» тақырыбында Тәуелсіз елді айқындайтын әнұранымызды екі мезгіл тәрбиешілеріміз шынайы пейілмен орындаса, «Атамекен» тақырыбында республикалық диктант байқауы өткізілді. Одан тәрбиешілеріміздің арасында «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында әссе жазудан сайысқа түсті. Әлі де, жалғасын табатын апталықта «Ұлттың ұлы ұстаздары» (Шығармашылық байқау), «Көбелек», «Айгөлек», «Қарлығаш» топтары «Менің Отаным – Қазақстан» мерекелік шарасын өткізсе, «Гүлдер» тобы «Тәуелсіз ел тірегі», «Балапан» тобы «Тәуелсіз елім Қазақстан», «Құлыншақ» тобы «25 қазан – Республика күні» тақырыптарында тәрбиелік шарасы болады. Апталық соңы, аталмыш балабақша қызметкерлерінің мерекелік құттықтауымен қорытындыланады. Осылайша, тарихы 1990 жылдан бастау алған мерекенің қайта жаңғыруы ерекше әсер сыйлауда.
Бағытжамал ЖҰМАБАЕВА,
 «Нұр-Шуақ» бөбекжай-бала
бақшасының меңгерушісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521