Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Utebayev University жанындағы AI HUB білім болашағына арналған 5 жаңа жасанды интеллект агентін таныстырды

Білім беру саласын цифрландыру жаңа деңгейге көтерілуде: Utebayev University жанындағы AI HUB орталығы студенттерге, оқытушыларға және IT мамандарына арналған бес интеллектуалды агенттен тұратын жаңа желіні ұсынды.

Орталық жетекшісі Ақмарал Әбілғалиеваның айтуынша, жобаның басты мақсаты — жасанды интеллект технологияларын әрбір оқу үдерісіне қатысушыға қолжетімді, пайдалы және түсінікті ету.

-AI HUB орталығы - зерттеу және жобалау зертханасы. Біз университеттің күнделікті жұмысын жеңілдетіп, білім беруді тиімді әрі қызықты етуге бағытталған ЖИ шешімдерін әзірлейміз және енгіземіз. Біздің мақсатымыз — жасанды интеллект тек болашақтың технологиясы емес, нақты көмекші құралға айналуы», — деп атап өтті А.Әбілғалиева.

 AI HUB ұсынған жаңа ИИ-агенттер: Оқытушыларға арналған AI-көмекші. Дәрістерді, тапсырмаларды және оқу-әдістемелік материалдарды жедел әрі сапалы дайындауға көмектеседі. Оқытушылардың жүктемесін азайтып, шығармашылыққа көңіл бөлуге мүмкіндік береді.

Бағдарламашыларға арналған AI-көмекші. Техникалық мамандықтарда оқитын студенттерге арналған таптырмас құрал: код жазуға, жобалармен жұмыс істеуге және шешім табуға көмектеседі.

24/7 жұмыс істейтін чат-бот. Студенттерге тәулік бойы қолдау көрсетеді: оқу, сабақ кестесі, құжаттар және басқа да мәселелер бойынша сұрақтарға жедел жауап береді.

 AI-аватар. Оқытушының атынан бейнедәрістер жүргізеді. Бұл қашықтан оқыту мен курстарды жазып алуға, оқу материалын автоматтандыруға өте ыңғайлы шешім.

Edu Data Insight - оқу процесін талдауға арналған құрал. Студенттердің үлгерімін, курстардың тиімділігін қадағалап, негізделген шешімдер қабылдауға көмектеседі.

Бүгінде бұл ИИ-агенттер оқу курстары мен студенттік жобаларда қолдануға дайын. Олардың енгізілуі білім беру жүйесіне жаңа серпін беріп, университеттің әлемдік трендтермен қатар дамуына жол ашады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT