Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен Қазақстан Республикасы Ақпараттық және қоғамдық даму министрлігінің және Маңғыстау облысы Азаматтық альянсының қолдауымен ауданымызда тұңғыш рет «Сommunity ortalyg» ашылды.
Ауыл жұртшылығының сұранысын қамтамасыз ету мақсатында өзінің ақпараттық әлеуетін нығайту, ақпараттарды білуге деген талап-тілегіне қолдау көрсетіп, электронды ресурстарды тиімді қолдануға үйрету.
Бүгінде жоба Ойыл ауылдық округінде жұмыс жүргізіп жатыр. Онда 20 тұрғынға Egov электронды порталына және балалардың қауіпсіз сайттарға қолжетімділігін арттырып, электронды құжаттар рәсімдеу бойынша көмек көрсетілді.
Кәмшат ӘБІШ