Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Мектеп оқушылары дәстүрлі оқу форматына қашан көшеді – министрлік жауабы

Білім және ғылым министрлігі оқушыларды дәстүрлі оқуға қайтару туралы ата-аналардың Президент пен Білім және ғылым министріне жазған петициясына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек бұған дейін ата-аналар оқушыларды дәстүрлі оқуға қайтару бастамасын көтеріп, Президент пен Білім және ғылым министріне петиция жазған еді. «Біз, қазақстандық балалардың ата-аналары, оқушылардың Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-бабында көрсетілген орта білім алу құқығы толық көлемде - кәсіби мұғалімдердің тікелей қатысуымен барлық пәндер бойынша қамтамасыз етілуін талап етеміз. Мектептегі білім күндіз әрі оқу орнында болуы керек.

Оны цифрлық суррогат алмастырмауы керек. Цифрлық технологияларды тек қосымша әдістер ретінде, ережелермен бекітілген қатаң шектеулі көлемде және тек ерікті негізде пайдалануға болады», - делінген петицияда. Білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы Гаухар Омарбек бұл петицияға қатысты пікір білдірді. «Қазіргі уақытта бастауыш сынып оқушылары ата-аналарының өтініші бойынша мектептерде оқи алады.

Сондай-ақ, 3 мыңға жуық шағын жинақты мектеп оқушылары (яғни 1-11 сынып оқушылар) дәстүрлі форматта оқып жатыр. Қалған мектеп оқушылары үшін санитарлық дәрігерлер дәстүрлі оқыту форматына кезең-кезеңмен көшуге болатынын хабарлағаннан кейін ғана, біз бұл процесті бастай аламыз. Бас санитар дәрігердің шешімі шықса ғана әр мектептің әкімшілігі тиісті кесте жасайды және біз балалар мен ата-аналарға тиісті ақпаратты жеткізе аламыз», - деді ол.

Дереккөз: Inform.kz 

Сурет: ашық дереккөзден 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT