Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау тәртібі өзгерді

Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау жаңа тәртіппен жүргізіледі. Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова айтты.

«Өткен жылы 19 қарашада Білім және Еңбек министрліктерінің бірлескен бұйрығы қабылданды. Биылғы оқу жылына мұғалімдерді қабылдау осы жаңартылған бұйрықтың негізінде жүзеге асырылады. Педагогтарды жұмысқа қабылдаудың негізгі мақсаты - осы педагогтарды жұмысқа қабылдау кезінде ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету, оқу жүктемесін бөлу барысында заңсыздықтарды болдырмау және педагогикалық бекітілген жүктемен қамтамасыз ету», деді ол министрліктің аппарат жиналысында.

Оның атап өтуінше, бос жұмыс орны шыққан кезде әрбір жұмыс беруші, яғни, мектеп директоры жұмыс орнының босағанын бес күннің ішінде еңбек жағдайлары мен жалақысын көрсете отырып, Халықты жұмыспен қамту орнына ақпарат беруі тиіс. Мәліметтер жазбаша немесе электронды еңбек биржасы мемлекеттік ақпараттық порталында беріледі.

«Бұл ретте Халықты жұмыспен қамту туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершіліктің қарастырылғанын естеріңізге салғым келеді. Сондықтан босаған барлық орынға қатысты ақпаратты мектеп, басқа білім мекемелерінің басшылары уақытылы ұсынуы тиіс», деді Шолпан Каринова.

 

Egemen.kz

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз