Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҰЛТТЫҚ СЫНАҚТАҒЫ ЕКІ ТӘСІЛ

Биылғы жылы ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыру форматы бұрынғыша қалды.

Алайда, өткен оқу жылына қарағанда өтініш қабылдауда түлектерге көмек ретінде екі тәсіл қарастырылған. Бұл ретте, ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пунктінің Миялы ауылындағы филиал басшысы Занзура Ермекованың түсіндіруінше, бірінші тәсіл бойынша http://ent.testcenter.kz сайты арқылы онлайн режмиінде тіркелу міндетті емес және банк арқылы немесе онлайн тәртіпте тестілеуге ақы төленеді. Сондай-ақ, ҰБТ өткізу пунктіне өтінішпен бірге 3x4 көлеміндегі екі фотосурет, жеке куәлігінің немесе туу туралы куәлігінің көшірмесі, екі дана орта білім беру ұйымынан анықтама, тестілеуге ақы төлегені туралы түбіртекті тапсыру керек. Ал, екінші тәсіл бойынша кез келген пошта сервистерінде электрондық пошта ашу (mail.kz, mail.ru, gmail.com, yandex.ru және т.б.), http://ent.testcenter.kz сайты арқылы онлайн тіркелу (логиндер мен парольдер тіркеу кезінде көрсетілген поштаға жіберіледі), http://ent.testcenter.kz сайтында авторизациядан өту (мектепті көрсете отырып, жеке мәліметтерді толтыру, тексеру үшін түбіртектің суретін жүктеу және жария офертаның келісімін қабылдау), Digital ID батырмасын басу және цифрлық профильді құру (смартфондар үшін Digital ID қосымшасы PlayMarket және AppStore арқылы қол жетімді) қажет. Ескеретін жайт, http://ent.testcenter.kz сайтында дұрыс құрылған Digital ID цифрлық профилінің статусын, қабылданған өтініштің мәртебесін, тестілеу өткізілетін күні мен орнын білуге болады. Өткен жылдан бастап ұлттық бірыңғай тест жылына төрт рет (қаңтар, наурыз, маусым-шілде, тамыз айларында) өткізіліп келеді.

Оның үшеуі ақылы негізде болса, білім беру грантына тағайындау конкурсына қатысу үшін оқуға түсушілер маусым-шілде айларында өтетін сынаққа қатысу тиіс. Ақылы тестілеуге қатысу үшін мектеп бітіруші өз атымен 2 242 теңге төлейді. Тапсыратын бес пәннің үшеуі міндетті пәндер болса, екеуін бейіндік пәннен тапсырады, жоғары балл – 140. Ал, шығармашылық таңдаған түлек екі пәннен, яғни оқу сауаттылығы мен қазақстан тарихынан тапсырып, қалған пәндерді оқуға барғанда тапсырады, жоғары балл – 120. Жоғары оқу орнына түсу үшін шекті деңгей 50 балл және әр пәннен 5-тен жоғары балл жинау қажет. Ұлттык университетке баратын түлектер үшін шекті балл 70 болса, медициналық, ауыл шаруашылығы университеттеріне түсу үшін мектеп бітіруші 65 балл жинауы тиіс. Ал, педагогикалык университетке 60 балл деп белгіленді. 24-29 наурыз күндері өтетін сынаққа өтініштер 1-15 ақпан күндері қабылданып, тіркелді. Бұл сынақта мектеп бітірушілер алдын ала тексеріліп, психологиялық дайындықтан өтеді. Ал, 20 маусым мен 5 шілде күндері аралығында өтетін ҰБТ-ға өтініштер 1 сәуір мен 10 мамыр күндері аралығында қабылданады. Айта кететін жайт, ҰБТ-дан алған баллдары сертификат бланкісіне шығарылмайды.

Сынақ нәтижесін тестілеу ведомосынан немесе www.testcenter сайтынан (ЖСН және ТЖК арқылы) көруге болады. Білім беру гранты конкурсына қатысу үшін ұлттық бірыңғай тестінің балы ұлттық тестілеу орталығының деректер базасынан жүктеледі. Ұлттық тестілеу орталығының testcenter.kz сайтында ұлттық сынақта қолданатын тест тапсырмаларымен танысу және пәндер бойынша білімдерін тексеру үшін онлайн байқау сынағы өткізілуде. Онлайн байқауы ниет білдірушілер үшін ерікті түрде жүзеге асырылады. ҰБТ-ға қатысты барлық ақпаратты ұлттық тестілеу орталығының Миялы ауылындағы филиалынан немесе 2-16-11, +7778-934-70-69 байланыс телефондарына хабарласып алуға болады.

Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT