Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

КЕНБАЙЛЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ МЕРЕЙІ ҮСТЕМ

Жақында Алматы қаласында ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай жаққан бір сәуле» тақырыбында республикалық мектеп оқушыларының байқауы болып өтті.

Оған еліміздің түкпір-түкпірінен үш жүзге жуық оқушы қатысып, Абай ақынға арналған өлеңдерін оқу және қарасөздерін талдаудан сынға түсті. Құрамында ақын Бақыт Беделхан, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты Саят Қамшыгер, Абайтанушы Омар Жәлел, Жастар одағы сыйлығының лауреаты Дулыға Ақмолда, «Дарын» мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі актер Бекжан Тұрыстар қазылық еткен байқауға Атырау облысының намысын қорғау үшін Кенбай орта мектебінің оқушылары қатысып, жақсы жетістіктерімен оралды.

Айталық, кіші топ бойынша, 3-сынып оқушысы Кәусар Бейбітқызы бірінші орынды жеңіп алса, үлкен топ бойынша Іңкәр Қайратқызы (10-сынып оқушысы) бірінші орынға қол жеткізді. Ал, 10-сынып оқушылары Ақтілек Қадірғали, Робия Исламбекқызы, Рыскүл Кемелбай, Әйгерім Қайрат, 9-сынып оқушысы Гүлназ Әбидоллалар екінші орынды иеленді. Сөйтіп, арайлы Алматы қаласынан аудан абыройын асқақтатып оралып, жеңімпаз-жүлдегерлер қатарынан көрінген оқушыларға бағалы сыйлық, арнайы диплом мен төсбелгі табыс етілді.

Осы орайда, Абай ақынның ғибраты мол қарасөздерін аталмыш оқушылардың зердесіне тоқыттырып, өрісті өнегеге толы өлеңдерімен қанықтыруда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Клара Қойтанқызының еңбегі зор.

Б.ІЗБАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT