Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ұлағатты ұстаздар ұлықталды

Өткен аптаның жұмасы күні «Арман» мәдениет үйінде «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар» атты жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, бала жанының бағбаны атанған ұстаздар күніне орай салтанатты шара өтті.

Онда алдымен жиналғандар «Жасұлан», «Нұр-Шуақ», «Балдәурен» және «Балдырған» балабақшаларының тәрбиешілері мен бүлдіршіндері жасаған қолөнер бұйымдары қойылған көрмені тамашалап, артынша аудандағы білім беру ұйымдары қызметкерлерінің құттықтауы бейнеролик арқылы көрсетілді.

Шараны құттықтау сөзбен ашқан аудан әкімінің орынбасары Жәнібек Тұрдағалиев: – Шәкірттеріне білім беруді, олардың бойына жақсы қасиеттерді дарытуды парыз деп білген – мұғалімнің қоғамдағы орны әрдайым ерекше. Сондықтан да, ұстаздар күні – дәрежесі биік, ең ұлық та ұлағатты мереке. Ұлт ертеңін қалыптастыру үшін уақытпен санаспай атқарған ерен еңбектеріңіз үшін Сіздерге алғыс білдіремін,- деп мерекелік жылы лебізін жеткізді. Содан соң сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі атқарған жұмыстары үшін Тасшағыл орта мектебі мен «Нұр-Шуақ» бөбекжай балабақшасының ұжымдарын «Үздік білім беру ұйымы» номинациясымен марапаттаса, аудан әкімі Арман Баженовтың атынан Ш.Еркінов атындағы орта мектептің мұғалімі Рысгүл Бекжанова, Мұқыр ота мектебінің мұғалімі Қайсар Құрманғазиев пен Қаракөл орта мектебінің мұғалімі Алмагүл Ғалиеваларға алғыс хат табыс етті.

Содан кейін мінбеге көтерілген аудандық мәслихат депутаты Айбар Алтыбаев аудандық мәслихат хатшысының, «НұрОтан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Альберт Аққайнанов филиал төрағасының атынан Алғыс хаттар табыс етсе, аудандық білім бөлімінің басшысы Амангелді Бағдаров бірқатар ұстаздарды облыстық білім беру басқармасының, облыстық салалық кәсіподақ комитетінің, аудандық білім бөлімінің құрмет громатасы және алғыс хаттарымен ұлығылады. Сондай-ақ, шара барысында ардагер ұстаз Мәруаш Макимова құттықтау сөз сөйлесе, ұйымдастырушылар атынан сала ардагерлеріне естелік сыйлықтар табыс етілді. Салтанатты жиын соңы концерттік бағдарламамен ұласты.

Гүлмира МАҚСОТҚЫЗЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521