Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

IТ сыныбы ашылды

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы Елбасы Н.Назарбаевтың «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асырылуына атсалысуда.

Соның бір дәлелі ретінде өткен аптада аталмыш бағдарлама аясында «Нұр Отан» партиясының жаңа жобасы бойынша Миялы ауылындағы Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектепте балаларға арналған алғашқы IT сыныбы ашылып, аудан әкімі Арман Баженов пен «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Бақберген Қарабаев лентасын қиды.

Сынып заманауи 20 компьютермен, 3D принтермен, жоғары жылдамдықтағы интернет желісімен және қажетті Web бағдарламамен жабдықталған. Мұнда оқу америкалық STEM әдісі бойынша жүргізіледі. 1,2 және 5-7 сынып оқушыларының жаңартылған білім мазмұнына көшуіне орай, мектеп мұғалімдері түрлі курстарда білім алса, екі мұғалім PBL жобалау технологиясы бойынша, бір мұғалім робот техникасы бойынша курстан өтті. Бұл сыныпта инновациялық технологияны игеруге икемі бар жас таланттар шеберлігін шыңдап, сандық технологиялар бағытындағы білімін арттыруға жол ашпақ.

«Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Бақберген Қарабаевтың айтуынша, облыс бойынша партияның жобалық бастамаларына 41 миллион теңге бөлінді. Міне осы қаражатқа ашылып отырған сыныптарда жоғарғы деңгейдегі бағдарламалар оқытылады. Мүндағы негізгі мақсат – еліміздің ақпараттық-цифрлық әлеуетін дамыту, жаңаша ойлайтын зияткерлік ортаны қалыптастыру, жоғары деңгейдегі ІТ мамандарын дайындауға үлес қосу, оқушылардың ІТ технологияға қызығушылығын арттыру және жазғы демалыстарын тиімді өткізу. Сондай-ақ, бұл жерде тек балалар ғана емес білімін жетілдіргісі келетін, жаңа кәсіп бастайтын ересектердің де оқуына болады. Бағдарлама жыл сайын кеңейтіле береді. Шара барысында өз тілегін білдірген аудан әкімі Арман Баженов: – Бүгінгі пайдалануға беріліп отырған ІТ сыныбы аудандағы жағымды жаңалықтардың бірі. Осы жерден білім алған оқушылардың арасынан он, он бес жылдан кейін әлемдік деңгейдегі үздік ІТ маманы шықпасына кім кепіл? Сондықтан, бұл мәселеге бейжай қарамай саналы түрде атсалысуымыз қажет. Сондай-ақ, қызметтеріне байланысты компьютерлік бағдарламаларды үйренем деген басқа азаматтар да келіп, оқып, үйренулеріне болады, – деді.

Бауыржан Сақтасинов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT