Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

БҮЛДІРШІН ОҚЫРМАНДАР КӨБЕЮДЕ

бүлдіршін оқырмандар
бүлдіршін оқырмандар

Жақында аудандық балалар кітапханасында 1-3 сынып оқушылары арасында  «Бағдаршамның мектебі» айдарымен  сұрақ-жауап сағаты өткізілді. Шараны аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Роза Әбілханова ашса, кітапханашы Гүлдана Лұқпанова жол қауіпсіздігі, жолда жүру ережелерін оқушыларға кеңінен үйретті. Сондай-ақ, оқырман балаларға Қ.Шағырдың «Жол ережесі», Б.Мырзабековтің «Айналайын, абайла!», Д.Родаридің «Көгілдір бағдаршам» кітаптарынан түрлі-түсті суреттер, жол қауіпсіздігі туралы өлеңдер оқылып, сұрақтарға жауап берілді.

Сонымен қатар, аталмыш кітапханада мекеме аралық жоспарға сәйкес аудан орталығындағы балабақшалардың ересектер тобына «Шуақ» айдарымен  балабақшаға арнайы барып,  халқымыздың қызықты ертегілері, мақал-мәтелдері, жұмбақтары дауыстап оқу өткізілді. Ондағы мақсат – кітапхананың кішкентай оқырманының санасына кітап деген әлемнің бар екендігін ұялату, рухани байлыққа қызығушылықтарын ояту болып табылады.

Үздіксіз аудандық балалар кітапханасымен байланыс жасап келе жатқан 3-4 сынып оқушыларына ғаламтордың пайдасы мен зиянын түсіндіру мақсатында «Ғаламтор ғажаптары» тақырыбымен  сұрақ-жауап сағаты өтті. Онда балаларға арналған мерзімді басылым мақалалары оқылды. Атап айтсақ, «Бала би» журналындағы «Ғаламтор: пайдасы мен зияны», «Ақ Желкен» журналына жарияланған «Компьютер синдромы», «Балаңыз  YouTube-ден не көріп жүр?», «Смартфон қауашағында не бар?». сонымен қатар, оқушылардан телефонға қаншалықты үйір екендігі сұралып, жиі үңілу зиян екендігі айтылды.

Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз