Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«БАЛА, БАЛА, БОЛАШАҚ»

Таяуда Кенбай орта мектебінде кітапханашылар Н.Ноғайбаева мен Ж.Есжанова апайлардың жетекшілігімен  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Бала, бала, болашақ» фестивалі ұйымдастырылды.

Ондағы мақсат – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау, сөз сөйлеу мәнерін арттыру, отбасылық кітап оқу дәстүрін жаңғырту, көркем кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Шараға 5-сынып оқушылары қатысты. Оқушылар бойындағы шығармашылық қабілеттеріне қарай «Мен және менің кітап әлемім» бөлімінде өздерінің үй кітапханасындағы отбасымен    оқыған кітаптарының мазмұнын айтып берсе, «Бала арманы» бөлімінде  ана, Отан, достық, отбасы, сыныбы туралы өз ойларын эссе арқылы жеткізді. Ал, сурет салуға қабілетті оқушылар «Балалар қылқаламынан» бөліміне қатысып еркін тақырыпта сурет салса, «Менің сүйікті кейіпкерім» бөлімінде оқыған кітаптарының мазмұнын қызықтыра айтып достарын кітап оқуға шақырды. Одан соң, «Әрқашан күн сөнбесін!» соңғы бөлімде ән айту қабілеті бар оқушылар тамылжыта ән шырқады. Оқушылардың жан жақты шығармашылық қабілеттерін шыңдап дамытуда сынып жетекшілер Д.Сисенбаев, Н.Әбуов, М.Ізбасарова, М.Темірбаев  ағайлардың еңбегі зор. Шара соңында, қатысқан оқушылар марапатталып, ескерткіш сыйлықтар табыс етілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521